Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 15 наурыздағы № 97 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығымен күші жойылды
Ведомстволық нормативтік актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1398 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3018 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі бұйрығымен және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4607 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы № 1 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 114 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспеде: