«Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 658 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 229 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.06.11. № 660 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының»Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 658 бұйрығына (Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 4525 тіркелген, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетені» журналында жарияланған, № 2, 2007 жыл) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5-тармақта «2008 жылғы маусым» деген сөздер «2009 жылғы қаңтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: