Павлодар облысы Павлодар қаласы Мойылды ауылдық әкімінің 2008.17.09. № 10 шешімімен күші жойылды
Мойылды ауылы әкімінің 2008 жылғы
25 сәуірдегі № 5 шешімімен бекітілген
10 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Мал басының саны туралы анықтама
1. Жалпы ереже
1. Осы стандарт мал басының саны туралы анықтама бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-II Заңы 35 бабының 5 тармағы, 2007 жылғы 30 маусымның «Жеке »Жеке және құқықты тұлғаларға көрсетілетін, мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы (2007 жылғы 18 қыркүйегіндегі жағдайына қосымшалары және өзгерістерімен)» Қазақстан Республикасы үкіметінің № 561 қаулысы қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті Мойылды ауылы, Центральная көшесі, 5 мекенжайында орналасқан «Мойылды ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - анықтама беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұраныс берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 20 минутқа дейін;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге, электрондық сұранысты қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 20 минутқа дейін;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минутқа дейін.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат әкім аппаратының стендінде.