Қарыздың номер______
Қазақстан Республикасы мен халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы
Қарыз туралы келісім
(Кеден қызметін дамыту жобасы)
(Астана қ., 2008 жыл 2 ақпан)
2008 жылғы 19 қарашадағы № 84-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
Қарыз туралы келісім
2008 жылғы 2 ақпандағы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ (Банк) арасындағы келісім. Осымен Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласты:
I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Қосымшада анықталғандай) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.02. Егер контексте өзгеше мағына болмаса, осы Қарыз туралы келісімде бас әріптен жазылып қолданылатын аталымдар, Жалпы Шарттарда немесе осы Келісімге Қосымшада өздеріне бекітілген мағынаны білдіреді.
ІІ БАП - ҚАРЫЗ
2.01. Банк Қарыз Алушыға он сегіз миллион бес жүз мың АҚШ долларына тең (18 500 000 АҚШ доллары) («Қарыз») соманы осы Келісімде баяндалған немесе көрсетілген мерзімге және шарттармен, осы Келісімге 1-қосымшада сипатталған Жобаны («Жоба») қаржыландыруға беруге келіседі.
2.02. Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес Қарыз қаражатын алуға құқылы.
2.03. Қарыз алушы Банкке Қарыздың қаржысын резервте ұстағаны үшін Қарыз сомасының (0,25 %) төрттен бір пайызына тең комиссия төлейді. Қарыз Алушы қаржыны резервте ұстағаны үшін комиссияны күшіне енген күннен кейін 60 (алпыс) күннен кешіктірмей төлейді.
2.04. Қарыз алушы Қарыз Валютасы үшін ЛИБОР Базалық ставкасына оған пайызды есептеудің әр кезеңіне құбылмалы спредті қосқанға тең ставка бойынша пайыз төлейді. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыз бойынша Алынған теңгерімнің кез келген бөлігі уақтылы төленбеген және 30 күннің ішінде төленбей қалатын жағдайда, Қарыз алушы төлейтін пайыз Жалпы ережелердің 3.02 (а) бөлімінде көрсетілгендей есептелуі тиіс.
2.05. Төлем күндері - әр жылдың 15 қаңтары және 15 шілдесі.
2.06. Қарыз Алушы Қарыздың негізгі сомасын осы Келісімнің 3-қосымшасында көрсетілген өтеу кестесіне сәйкес төлейді.
ІІІ БАП- ЖОБА