Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 424/10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімиятының 2008 жылғы 31 шілдедегі № 949/18 қаулысы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 130/2 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасыныә 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексінің 92-бабы 8-тармақшасына сәйкес, 2008 жылға арналған Павлодар қаласы бюджетін нақтылау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 424/10 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тараудағы «Біржолғы әлеуметтік көмек»:
20-тармақ толықтырылсын:
27)-тармақшамен мынадай мазмұнда: «әлеуметтік саладағы жұмыстарға жіберілген жас мамандарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері 300000,0 (үш жүз мың) теңге.
Әлеуметтік көмек жіберілген мекенжайы бойынша жұмысқа орналастырылған және азаматтарды тіркеу кітабында тіркелген, облыстың денсаулық сақтау департаментіне әлеуметтік саладағы жұмыстарға жолдама алған, күндізгі оқу бөліміндегі жас түлектерге төленеді»;
21-тармақтағы «азаматтарды тіркеу кітабынан үзінді;» сөздерінен кейін мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын «27)-тармақша үшін тиісті департаментпен берілген жұмысқа жолдама, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі»;
6-бөлімдегі «Павлодар қаласының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік емес ұйымдар арқылы көрсетілетін әлеуметтік көмек»: