2008 жылдың 14 мамырдан № 12 Павлодар ауылы әкімінің «Павлодар ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы» шешіміне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қаласы Павлодар ауылдық әкімінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 28 шешімі
Павлодар облысы Павлодар қаласы Павлодар ауылдык әкімінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 13 шешімімен күші жойылды
2008 жылғы 12 шілденің № 7-1-08/19 Павлодар қаласы прокуратурасының наразылық білдіруіне байланысты және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадан «Әкімшілікті процедуралар туралы» Заңына сәйкес және шешімді қолданып жүрген зандарға сәйкес келтіру үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. 2008 жылдың 14 мамырдын № 12 «Павлодар ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша мемкеттік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы» шешіміне 2008 жылдың 20 маусымда № 12-1-116 Павлодар қаласы әділет басқармасында тіркелген және 2008 жылдың 4 қыркүйегінде № 98 «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланған, келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
2 қосымшаның 22 пункті келесі редакцияда баяндалсын: «Шағым Павлодар қаласы Кривенко көшесі, 25 үй, қабылдау бөлмесі, телефоны 325505 мекенжайы бойынша қала әкімінің атына жазылады»;