Павлодар облысы Павлодар ауылы әкімінің 2009 жылғы 8 маусыдағы № 13 шешімімен күші жойылды
Павлодар ауылы әкімінің
2008 жылғы 14 мамырдағы
№ 12 шешімімен бекітілген
5 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Ержетпеген балаларға жататын тұрғын ұйді несие үшін кепілге салуға руқсат туралы анықтама
1. Жалпы қағидалар
1. Тап осы стандарт ержетпеген балаларға жататын тұрғын ұйді несие үшін кепілге салуға руқсат туралы анықтамаларды беру бойынша мемлекеттік қызмет қөрсету тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны бөлшектеніп автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 24-бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13 бабы, 3 - тармағы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 114 бабы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметі Павлодар ауылы, Советская көшесі, 4 үйде мекенжайында орналасқан «Павлодар ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - әкім аппараты) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - ержетпеген балаларға жататын тұрғын ұйді несие үшін кепілге салуға руқсат туралы анықтаманы беруы.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына қөрсетіледі (әрі қарай - тұтынушы).
Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша мерзімнің шектелуі:
1) пайдаланушының қажетті құжаттарды тапсырған сәттен (тіркеу сәтінен, талон алу және т.б.) мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрауды бергеннен кейін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 15 күнге дейін;
2) кажетті құжаттарды тапсыру кезінде (тіркеу кезінде, талон алу және т.б.) кезекте күту ең мүмкін уақыт: 25 минут дейін;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу кезінде, файлдың ең мүмкін көлемі, кезекте күту ең мүмкін уақыт: 25 минут дейін;
8. Мемлекеттік қызмет тегін қөрсетіледі.
9 Мемлекеттік қызмет қөрсету стандартары туралы ақпараты Әкім аппаратының ішіндегі ақпараттық стенділерде орналастырылған.