«Техникалық бақылау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау, жасау, жөндеу және пайдалану туралы ережені және Кемелерге орнату үшін материалдар мен бұйымдарды дайындау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 334 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 441 Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 707 бұйрығымен күші жойылды
Ішкі су жолдарында жүзетін кемелердің және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық бақылау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау, жасау, жөндеу және пайдалану туралы ережені және Кемелерге орнату үшін материалдар мен бұйымдарды дайындау туралы ережені» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 334 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4497 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2007 жылғы 16 ақпанда № 25 (1228) жарияланған),) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық бақылау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау, жасау, жөндеу және пайдалану туралы ережеде:
4-тармақтың 6), 7) тармақшаларында, 8-тармақтың 5) тармақшасында, 9-тармақта, 13-тармақтың 2) тармақшасында, 14, 16-тармақтарда, 24-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында, 23, 24, 25, 26, 28, 29, 30, 31, 32, 63 тармақтарында, 64-тармақтың 3) тармақшасында, 65, 70, 73, 75, 76, 79, 82, 109, 110, 112, 114, 115, 123-тармақтарындағы «техникалық куәліктендіру», «техникалық куәландыру», «техникалық куәландыруға», «техникалық куәландырудың», «техникалықтық куәландырулар», деген сөздері «куәліктендіру», «куәландыру», «куәландыруға», «куәландыруда», «куәландырулар» деген сөздермен тиісінше ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2, 16-3, 16-4-тармақтармен толықтырылсын:
«16-1. Мынадай жағдайларда Сыныптау куәлігінің күші жойылады және кеме сыныбының іс-әрекеті тоқтатылады: