«Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық
сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 15 шілдедегі № а-5/295 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазандағы № А-7/453 қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № А-9/396 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 15 шілдедегі № А-5/295 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 3260 болып тіркелген, «Акмолинская правда» газетінде 2008 жылғы 16 тамызда, «Арқа ажары» газетінде 2008 жылғы 16 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
атауы келесі редакцияда берілсін:
«Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін бекіту туралы»;
1-тармағы келесі редакцияда берілсін: