Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 17 «Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жәйлі қағидаларды бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облысының әкімиятының 2008 жылғы 21 қазандағы № 372 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңының 27 және 37 баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жәйлі қағидаларды бекіту туралы» Ақтөбе облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 24 ақпанда № 2005 тіркелген, 2003 жылғы 4 наурызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 17 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қаулының 3 тармағында және Ереже бойынша бұдан әрі «Ақтөбе облыстық қаржы департаменті» сөздері «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» (бұдан әрі - Басқарма) сөздерімен ауыстырылсын.
қаулының 4 тармағында «С.Ш.Мұқашев» сөздері «М.Ә.Серікбаев» сөздерімен ауыстырылсын.
Ереженің 2 тарауы мынадай мазмұндағы 7-1) - 7-6) тармақтарымен толықтырылсын:
7-1) Жалдаушының келісімімен мемлекеттік коммуналдық меншіктің жылжымайтын мүлік объектілеріне күрделі жөндеу жүргізген жағдайда, Жалға алушы шарт бойынша төлем есебіне жүргізілген күрделі жөндеу құнын есептеуге құқы бар;
7-2) Жалдаушы және Жалға алушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілген жөндеу сомасына арналған шартты әділет органдарында тіркеуді жүргізсін;