Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 3 желтоқсан
ҚР Үкіметінің 2008.03.12. № 1129 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілді
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат, 2008 ж., № 20, 182-құжат, № 30, 292-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Томас Миров | - Еуропа Қайта құру және Даму банкінің президенті |
Клаудио Дескальци | - «Эни» корпорациясының бас өндірістік директоры, өндіруді барлау бөлімшесінің басшысы |
Шаою Жао | - Азия Даму Банкінің вице-президенті; |
«Блаватник Лен | - «Аксесс Индастриз, Инк» компаниясының Президенті» |
«Булыгин Александр Станиславович | - «Русский алюминий» бірлескен компаниясының бас директоры» |