п Қосымша
Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенцияға
Қосымшаға Түзетулер
(Лондон қ.,1995 жыл 7 шілде)
ҚР түзетулерге қосылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 1167 Қаулысын қара
І ТАРАУ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
І/1-ереже
Анықтамалар мен түсіндірулер
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін, егер арнайы өзгеше көзделмеген болса:
1 «Ережелер» Конвенцияға Қосымшада бар ережелерді білдіреді;
2 «Мақұлданған» осы ережеге сәйкес Тараптың мақұлдағанын білдіреді;
3 «Капитан» кемені басқаратын тұлғаны білдіреді;
4 «Командалық құрам тұлғасы» капитан болып табылмайтын, ұлттық заңнамаға немесе ережелерге сәйкес, не осындай тағайындау болмаған кезде ұжымдық шартқа немесе дәстүрге сәйкес осыған тағайындалатын экипаж мүшесін білдіреді;
5 «Капитанның көмекшісі» Конвенцияның II тарауының ережелеріне сәйкес біліктілігі бар командалық құрам мүшесін білдіреді;
6 «Капитанның аға көмекшісі» лауазымы бойынша капитаннан кейінгі, капитан кемені басқаруға қабілетсіз болған жағдайда оған кемені басқару жүктелетін командалық құрам тұлғасын білдіреді;
7 «Механик» Конвенцияның III тарауының ережелеріне сәйкес біліктілігі бар командалық құрам тұлғасын білдіреді;
8 «Аға механик» қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты, лауазымы бойынша жоғары механикті білдіреді;
9 «Екінші механик» аға механик қабілетсіз болған жағдайда қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапкершілік жүктелетін аға механиктен кейінгі механикті білдіреді;
10 «Тағылымдамашы механик» механик болу үшін дайындықтан өтіп жүрген және ұлттық заңнама мен ережеге сәйкес осыған тағайындалатын тұлғаны білдіреді;
11 «Радио операторы» Радиобайланыс регламенті негізінде Әкімшілік беретін немесе танитын дипломы бар тұлғаны білдіреді;