Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1238 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
| Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары |
| Теңізбаева Алтын Теңізбайқызы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының орынбасары, хатшы |
| Нұрғалиев Жақай Жұбайұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы (келісім бойынша) |
| Сәрсенқұлов Жансейіт | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім бойынша) |
| Жазин Аманжол | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім бойынша) |
| Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
| Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |