Қостанай облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 140 шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 12 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 96-IV Заңын орындау үшін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті 1- қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 48637818,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 3154201,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 45338,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 245,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 45438034,0 мың теңге;
2) шығындар - 48586409,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 414444,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 414444,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 95853,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 95853,0 мың теңге;
5) бюджет профицит - 370000,0 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - -370000,0 мың теңге.
2. Аудандар және қалалар бюджеттеріне облыстық бюджетке аударылатын кірістерден басқа 100 пайыз көлеміндегі кірістер аударылатыны белгіленсін:
жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;
орманды пайдаланғаны үшін төлем;
қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем төлеу;
облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүргені үшін алым;
облыстық маңызы бар жалпы пайдаланылуға арналған автомобиль жолдарының жанама жолағындағы сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлем;
жергілікті маңызы бар айрықша қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем;
облыстық әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар таза табысының бір бөлігі түсімдері;
облыстық коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік акциялар пакеттері дивидендтері;