«Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» 2009 жылғы 11 ақпандағы № 130-ІV Қазақстан Республикасының Заңы
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасының Заңы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы
Нью-Йоркте 2007 жылғы 25 қыркүйекте қол қойылған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік хаттама, мынадай мәлімдеме жасала отырып, ратификациялансын:
«Қазақстан Республикасы Факультативтік хаттаманың 1-бабына сәйкес осы Факультативтік хаттама Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген күннен кейін болған мемлекеттік билік органдардың әрекетіне және әрекетсіздігіне не олар қабылдаған актілерге немесе шешімдерге қатысты Қазақстан Республикасы заңының құзырына жататын жеке адамдардың хабарламаларын Адам құқықтары жөніндегі комитеттің қабылдау және қарау құзыретін таниды.».
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2009 жылғы ақпанның 11-і.
№ 130-ІV ҚРЗ
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами