«Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 142 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қостанай облысы Қостанай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 152 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес және Қостанай қаласы әкімдігінің қаулысын қарап, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы», мәслихаттың 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 142 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-114, 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 102 «Қостанай» газеті) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2009 жылға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) Кірістер 13891904 мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер 9730426 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 55480 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 758000 мың теңге;
трансферттер түсімдері 3347998 мың теңге;
2) шығыстар 13991754,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу -5544 мың теңге, соның ішінде бюджеттік несиелерді өтеу -5544 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо 3053 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді иелену 3053 мың. теңге;
5) тапшылық - 97359,5 мың. теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру 97359,5 мың теңге».
Аталған шешімнің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5.Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджетінде ағымдағы мақсатты трансферттер және облыстық бюджетін дамытуға трансферттер ескерілсін, соның ішінде:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 17653 мың теңге сомасында, соның ішінде 15273 мың теңге сомасында химия кабинеттерін оқу жабдықтарымен жабдықтауға, 2700 мың теңге сомасында компьютерлік сыныптарды иеленуге;
коммуналдық меншік объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 55400 мың теңге сомасында;