Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № С-18/5 «2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 3 наурыздағы № С-21/5 шешімі
Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № С-34/28 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Кодексі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің» 106 бабы, 2 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № С-18/5 «2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 1-1-94 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтарда «Көкшетау» газетінде № 2 және 2009 жылғы 15 қаңтарда «Степной Маяк» № 2 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтың 1) тармақшасында:
«7 694 315» санын «7 724 315» санымен ауыстырылсын;
«2 297 674» санын «2 327 674» санымен ауыстырылсын;
1 тармақтың 2) тармақшасында:
«7 990 108» санын «8 198 182,2» санымен ауыстырылсын;
1 тармақтың 5) тармақшасында:
«-191 888» санын «-369 962,2» санымен ауыстырылсын;
1 тармақтың 6) тармақшасында:
«191 888» санын «369 962,2» санымен ауыстырылсын;
«333 888» санын «436 700» санымен ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
«бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 75 262,2 мың теңге»;
8 тармақта:
«899 000» санын «929 000» санымен ауыстырылсын;
«67 000» санын «97 000» санымен ауыстырылсын;
12 тармақта:
«333 888» санын «436 700» санымен ауыстырылсын;