«ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін жасаудағы және оларды одан әрі дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 430 Қаулысы
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін жасаудағы және оларды одан әрі дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 430 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2008 жылғы 14 қарашада Кишинев қаласында қол қойылған ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде жас буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін жасаудағы және оларды одан әрі дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісім мынадай ескертпемен бекітілсін:
«Келісімнің дербес деректерді трансшекаралық беру туралы 9-бабы бойынша міндеттемелерді Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындайтын болады».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.