«Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздығы № 227-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 26 ақпандағы № 63-НҚ Бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 15 тамыздағы № 208-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4979 тіркелген, 2007 жылғы 16 қарашада «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кірме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастыруға рұқсат беру ережесінде:
1-тармақтағы «монополиялар» деген сөзден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган»;
5-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) магистральдық темір жол желісі операторының кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат берудің мақсаттылығы (мақсатсыздығы) туралы қорытындысымен кірме жолдарды жалғастыруға арналған техникалық талаптары»;
8) тармақша алып тасталсын;
7 және 8-тармақтар алып тасталсын;