Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің 2009 жылғы 3 наурыздағы
№ НК-11-23/2826 Хаты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, 2009 жылғы 19 ақпандағы № УНП-9-1/1362 хатын қарап шығып, мынаны хабарлайды.
Бірінші сұрақ бойынша.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 528-бабы 1-тармағына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.
Салық кодексінің 530-бабының 3-тармағымен бекітілген, жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде, сондай-ақ көлік құралдарында орналастырылатын жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары жарнама объектісінің алаңына және орналастыратын жеріне негізделе отырып белгіленеді