Облыс әкімиятының 2005 жылғы
5 мамырдағы № 415 қаулысымен
бекітілген 2-қосымша
Облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып
алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру тәртібін, сондай ақ сенімді басқарушымен келісім-шартының шарттарын орындауды бақылау тетігін анықтайды.
2. Негізгі ұғымдар
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Департамент - Қызылорда облысының қаржы департаменті, шартта мемлекеттің мүдделерін білдіруге уәкілетті және меншік иесінің атынан шығатын тарап;
2) Комиссия - облыстық коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру, тендерлер өткізу және келісім-шарт (контракті) шарттарының орындалуын бақылау жасау мәселелері бойынша қарау және шешім қабылдау үшін Департамент құрған ведомствоаралық орган;
3) Сенімгерлік басқару - сенімді басқарушы өзінің атынан оған берілген облыстық коммуналдық меншік объектісін уақытша иеленуді, пайдалануды және билік етуді мақсатты пайдаланудың белгіленген бағдарламасы бойынша жүзеге асыру;
4) Сенімгерлік басқару келісім-шарты - Департамент сенімді басқарушыға облыстық коммуналдық меншік объектісін мақсатты пайдаланудың белгіленген бағдарламасы бойынша уақытша иеленуге, пайдалануға және билік етуге беруді міндетіне алғаны туралы келісім-шарт;
5) Тендер - облыстық коммуналдық меншік объектісін Департамент белгілеген талаптар негізінде кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімді басқаруға беру;
6) Қатысушы - қажетті құжаттарды ұсынған және қойылған талаптар бойынша тендерге қатысуға келісім берген жеке немесе заңды тұлғалар.
Кейіннен сатып алу құқығымен тендерге жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар қатысады;