Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«А.В. Самофаловты, Е.К. Массалимовты Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 580 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«А.В. Самофаловты, Е.К. Массалимовты Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 580 Қаулысы

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

А.В. Самофаловты, Е.К. Массалимовты Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 580 Қаулысы

 

«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне, 2005 жылғы 23 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы келісімге сәйкес және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында қазақстандық мамандарды оқыту үшін 2009 - 2010 оқу жылына бөлінетін орындардың санын, өтеусіз және жеңілдікпен оқыту квотасын келісу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери кадрлар даярлауға 2013 жылға дейінгі перспективалық өтінімді іске асыру мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Шетелде кадрлар даярлау бас басқармасы бастығының орынбасары Александр Владимирович Самофалов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаменті бастығының қызметін уақытша атқарушы Евгений Құмарұлы Массалимов 2009 жылғы 27 - 30 сәуір кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі А.В. Самофаловқа, Е.К. Массалимовке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 013 "Сыртқы саяси мүдделерді қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

                                   К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!