Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2007 жылғы 27 мауысымның № 408 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 214 Бұйрығы
«E-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешені салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуіне мониторингті жүзеге асыру регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 408 (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2007 жылғы 27 мауысымдағы № 408 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 17 бұйрығымен енгізілсін) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақта «Чумаков Д. В.» деген сөздер «Сейтімбетов Д. С.» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілер жобасарына әзірлеуіне мониторингті жүзеге асыру регламентінде:
бүкіл мәтін бойынша «журнал», «журналдың», «журналдарда», «журналдар», «журналдардың», «журналдарға», «журнал», деген сөздер «электрондық журнал», «электрондық журналдың», «электрондық журналдарда», «электрондық журналдар», «электрондық журналдардың», «электрондық журналдарға», «электрондық журнал» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ алынып тасталсын;