Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Алматы облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 15-92 шешіміне өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 18-116 шешімі
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабының 1, 2- тармақтарына, 108-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және 2009 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Алматы облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 15-92 шешіміне (2009 жылғы 5 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 5 «Жетісу» газетінде жарияланған, Алматы облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 11 ақпандағы «Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Алматы облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 15-92 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 17-107, 2009 жылғы 2 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2028 нөмірімен тіркелген шешімімен өзгерістер енгізілген), төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта төмендегі жолдар бойынша:
1). «Кірістер» «122608704» саны «132671286» санына ауыстырылсын, оның ішінде:
«трансферттердің түсімдері бойынша» «106675820» саны «116738402» санына ауыстырылсын, оның ішінде:
«аудандық (қалалық) бюджеттерден нысаналы трансферттерді қайтару - 21579 мың теңге» деген жолмен толықтырылсын;
«республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - барлығы» «96245917» саны «106286920» санына ауыстырылсын, оның ішінде:
«ағымдағы мақсатты трансферттер» «17209474» саны «25357942» санына ауыстырылсын, оның ішінде:
«денсаулық сақтауға» «6555730» саны «6054509» санына ауыстырылсын;
«әлеуметтік көмекке» «684979» саны «687603» санына ауыстырылсын;