Введите номер документа
Прайс-лист

«Ислам арнайы қаржы компаниясын құруына және оның қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 54 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 27 марта 2009
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 27 марта 2009

Ислам арнайы қаржы компаниясын құруына және оның қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының
 2009 жылғы 27 наурыздағы № 54 Қаулысы

 

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 32-6-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ислам арнайы қаржы компаниясы (бұдан әрі - Компания) акционерлік қоғамының немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.

Компанияны құру туралы шешім егер өзге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен немесе оригинатор жарлығымен белгіленбеген болса, оригинатордың директорлар кеңесі қабылдайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысанында құрылған Компанияда егер Компанияның бөлінген активтерімен сенімгерлік басқару оригинатормен жүзеге асырылған жағдайда әкімшілік-шаруашылық функциялар бір тұлғаға жүктелуі мүмкін.

Компанияны құру, жұмыс істеу және тарату бойынша шығындарды оригинатор өзіне алады.

2. Компанияның акцияларын төлеу (жарғылық капиталында қатысу үлесімен) ақшамен жүзеге асырылады.

Ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру құрылтайшылардың Компания акцияларын (жарғылық капиталында қатысу үлесімен) төлегеннен кейін жүзеге асырылады.

Осы қаулыда ислам бағалы қағаздары деген исламдық жалдау сертификаттары және исламдық қатысу сертификаттарымен түсіндіріледі.

3. Компания кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, мыналарға байланысты қызметтерді қоспағанда:

ислам бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналдыру, өтеу сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын орналастырғаннан алынған ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісімен тәртіпте және талапта белгіленген ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражаттарды инвестициялау;

Компанияның бөлінген активтерін құрайтын мүлікті басқару.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами