Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандарға арналған нұсқаулық. Сетабел Плюс® (Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі Фармация Комитеті төрағасының 2008 жылғы 4 ақпандағы № 19 бұйрығымен бекітілген)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандарға арналған нұсқаулық. Сетабел Плюс® (Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі Фармация Комитеті төрағасының 2008 жылғы 4 ақпандағы № 19 бұйрығымен бекітілген)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы Денсаулық

Сақтау Министрлігі Фармация Комитеті

төрағасының 2008 жылғы 4 ақпандағы

№ 19 бұйрығымен

бекітілген

 

Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандарға арналған
нұсқаулық
 
Сетабел Плюс®

 

Саудалық атауы

Сетабел Плюс®

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрінің түрі

Таблеткалар

 

Құрамы

Бір таблетка құрамында

белсенді зат: 520,833 мг парацетамол DC 96 500мг парацетамолға тең,

 кофеин 30 мг,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, стеарин қышқылы.

 

Сипаттамасы

Ақ түсті, бір бетінде бөлу сызығы бар домалақ таблеткалар.

 

Фармакотерапевтикалық тобы

Анальгетики - антипиретиктер. Анилидтер.

АТЖ коды N02BE51

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін препарат асқазан-ішек жолдарынан тез және толық сіңеді. Сарысудағы жоғары концентрациясына 10 - 60 минуттан соң жетеді. Парацетамол организмнің көптеген тіндерінде тез және біркелкі таралады. Жартылай шығарылу кезеңі 1,25 - 3 сағатты құрайды. Парацетамол бауырда микросомалдық ферменттер жүйесі көмегімен метаболизденеді. Ішуге тағайындалған парацетамолдың шамамен 85 % несеппен бос және парацетамол конъюгаттары түрінде 24 сағат ішінде шығарылады. Ақуыздармен байланысуы 10 % төмен.

Ішке қолданғаннан кейін кофеин де жақсы сіңеді. Сарысуда оның жоғары концентрациясы 50-75 минуттан кейін жетеді және кофеиннің 17 % сарысу ақуыздарымен байланысады. Кофеин организмнің көптеген тіндерінде таралады. Жартылай шығарылу кезеңі 3 - 6 сағат құрайды. Бауырда микросомалдық ферменттер жүйесі көмегімен метаболизденеді. Кофеин және оның метаболиттері негізінен несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Парацетамол ауруды басатын және қызуды түсіретін әсер көрсетеді. Әсер ету механизмі простагландиндердің түзілуін тежеумен және гипоталамустағы жылу реттеу орталығына әсер етуіне байланысты.

Кофеин фосфодиэстеразаны тежей отырып, ц-АМФ мөлшерін жоғарлатады. Кофеин жасуша ішілік ц-АМФ жоғарлата отырып, өз әсерін көрсетеді. Кофеин орталық жүйке жүйесінің күшейткіші болып табылады. Ол шеткергі тамырларды кеңейтеді және ми тамырларын тарылтады.

Кофеин мен парацетамолдың бірігуі препаратттың ауруды басатын әсерін жоғарлатады.

 

Қолданылуы

Добавить в список основных источников в Google

Демо – версия документа
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!