Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы өзара тусіністік туралы
меморандум
(Пекин қ. 2009 жыл 16 сәуір)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі,
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасын біріктіретін тығыз байланыстар мен достық қарым-қатынастарды назарға ала отырып,
өзара тиімді негізде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы өзара ынтаны ескере отырып,
экономиканы дамытуда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығының жетекшілік рөлін түсіне отырып,
елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тәжірибе алмасудың және барлық деңгейдегі ынтымақтастықтың қажеттілігін тани отырып,
мыналар жөнінде келісті:
1-бап
Тараптар арасындағы ынтымақтастық мынадай ауыл шаруашылығы салаларда жүзеге асырылады:
- мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы;
- ауыл шаруашылығы өнімінің саудасы;
- өсімдіктерді қорғау және карантин;
- ветеринария;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
- ауыл шаруашылығы машиналарын жасау;
- аграрлық ғылым;
- инвестициялар, бірлескен кәсіпорындарын құру;
- мамандарды оқыту.
2-бап
Осы Меморандумның ережелерін іске асыру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
өзара мүддені білдіретін ақпаратпен, материалдармен, өнімдердің улгілерімен және ауыл шаруашылығы зерттеулердің нәтижелермен алмасу;
Тараптар Мемлекеттері ауыл шаруашылығы саласында қабылданған нормативтік құқықтық актілермен және стандарттармен алмасу;