Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2006 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 125 бұйрығымен
Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде
мамандарға арналған
НҰСҚАУЛЫҚ
Бриллиант көгі
Саудалық атауы
Бриллиант көгі
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
1% және 2% спиртті ерітінді
Құрамы
100 мл препараттың құрамында 1% 2%
бриллиант көгі 1,0 г 2,0 г
этил спирті 100 мл-ге дейін 100 мл-ге дейін
Сипаттамасы
Спирттің иісі бар қанық жасыл түсті ерітінді
Фармакотерапиялық тобы және АТЖ коды
Антисептикалық және залалсыздандырғыш дәрілер
АТЖ коды Д08АХ01
Фармакологиялық қасиеттері
Препарат тінішілік қысымды арттырмай, микробқа қарсы әсер етеді. Теріні тітіркендірмейді.
Қолданылуы
Терінің уақ зақымдарында, терінің іріңді-қабыну аурулары-пиодермияларда, сыздауықтарда, іріңді жараларды, ойық жараларды және күйіктерді емдеген кезде; мейболейтте, блефаритте антисептикалық дәрі ретінде терінің сыртына. Кейде операция жасалатын жерді, сондай-ақ операциядан және жарақаттан кейін тері жабындарын өңдеу үшін қолданылады.
Қолдану тәсілдері және дозасы