Введите номер документа
Прайс-лист

«Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2009 жылғы 29 маусымдағы) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 29 июня 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 2 июня 2010

Жоба

 

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Энергия үнемдеу туралы
(2009 жылғы 29 маусымдағы)

 

ҚР Үкіметінің 2010.26.05. № 473 Қаулысымен кері қайтарып алынды

 

ҚР Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2009.29.06 № 1002 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында энергия үнемдеуді ынталандыру мен энергетикалық тиімділікті арттыру үшін экономикалық және ұйымдық жағдай жасау мақсатында энергетика ресурстарын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) қайталама энергетика ресурсы - функционалдық қолданылуы энергияның тиісті түрін өндіруге байланысты емес құрылғыларды пайдаланудың жанама өнімі түрінде алынатын энергия;

2) Энергия үнемдеудің мемлекеттік тізілімі - жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отын тұтынатын үй-жайлар мен құрылғылар, оның ішінде электр желілері, жылу-электр орталықтары, мемлекеттік аудандық электр станциялары, су электр станциялары туралы, магистральдық мұнай және газ құбырлары туралы, сондай-ақ көрсетілген үй-жайлар мен құрылғыларды пайдаланушылар туралы құжатталған ақпараттың жүйелендірілген жиынтығы;

3) үй-жайдың энергия тиімділігінің коэффициенті - тиісті үй-жайдың нақты энергия сыйымдылығының оның нормативтік энергия сыйымдылығына қатынасы;

4) құрылғының энергия тиімділігінің коэффициенті - құрылғының нақты энергия сыйымдылығының нормативтік энергия сыйымдылығына қатынасы;

5) үй-жайдың нормативтік энергия сыйымдылығы - тиісті көлемдегі және функционалдық мақсаттағы үй-жайда, осындай үй-жайда энергия үнемдейтін технологияларды пайдаланған жағдайда мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндетті талаптарды сақтау үшін қажетті шаршы метрге арналған жылу және (немесе) электр энергиясының орташа мөлшері;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами