«Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 3587 шешімі
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3580, 2008 жылғы 4 қаңтардағы «Қостанай таңы» №№ 1-2, 2008 жылғы 4 қаңтардағы «Қостанайские новости» № 1):
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті 1- қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 58881639,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1486338,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 25264,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 57370037,8 мың теңге;
2) шығындар - 59216320,1 мың теңге;
3) операциялық сальдо - - 334680,3 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 436000,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 436000,0 мың теңге;
5) қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо - 24000,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 24000,0 мың теңге.
6) бюджет тапшылығы (профицит) - -794680,3 мың теңге;
7) тапшылықты қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) - 794680,3 мың теңге.»;
Көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-5, 2-6, 2-7, 2-8, 2-9, 2-10, 2-11, 2-12, 2-13, 2-14, 2-15, 2-16, 2-17, 2-18, 2-19 тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте білім берудің жаңа енгізілген объектілерін ұстауға республикалық бюджеттен 28228,0 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер түсімі ескерілсін, оның ішінде Жанкелдин ауданына -28228 мың теңге.
2-2. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте дәрі-дәрмек құралдарын, вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға облыстық бюджет бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттен 631220,0 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер түсімі ескерілсін.