Бірінші сатыдағы сот сотталғандардың қылмыстық әрекеттерін дұрыс дәрежелеп, жазаны тағайындағандықтан, қорғаушылар мен сотталғандардың апелляциялық шағымдарын қанағаттандырусыз қалдыру туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ққылмыстық істер жөніндегі алқасының 2008 жылғы 26 наурыздағы № 2а-99-08 Қаулысынан үзінді
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы прокурордың және қорғаушылар К, Т., Б. қатысуымен өткен ашық сот мәжілісінде Қазақстан Республикасының әскери сотының 17 қаңтар 2008 жылғы үкіміне сотталған Д., О., У. және қорғаушылар К., Т. апелляциялық шағымы бойынша келіп түскен қылмыстық істі қарады.
Сот үкімімен:
1) Д., 23.10.1984 жылы Жамбыл қаласында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы,
- Қазақстан Республикасы ҚК-нің 370-бабының 3-бөлігімен 7 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «д», «ж», «к» тармақтарымен 15 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілемеуге, ҚР ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес, тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 16 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілемеуге, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған.
2) О., 21.01.1983 жылы Шымкент облысы, Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы,
- Қазақстан Республикасы ҚК-нің 370-бабының 3-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «д», «ж», «к» тармақтарымен 14 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілемеуге, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес, тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 15 жыл бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілемеуге, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған.
3) У., 15.05.1984 жылы Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Сырдария ауданы, Шолиқор ауылында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы,