Жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірген және атыс қаруын өзімен бірге алып жүрген
А.-ға қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының
2008 жылғы 26 тамыздағы № 2а-239-08 Қаулысынан үзінді
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы құрамында төраға, судьялар болып, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісінің, сотталған А. мен оның қорғаушысы Б.-ның қатысуымен, А. мен қорғаушы Б.-ның апелляциялық шағымдарымен және прокурордың наразылығымен келіп түскен А. және А. жөніндегі қылмыстық істі оnе-lіnе тәртібінде бейне байланыс арқылы қарады.
Алматы облыстық сотының 2008 жылдың 13 маусымындағы үкімімен
А., 1988 жылы Алматы облысы Талғар ауданының Нұра ауылында туған, бұрын сотталмаған,
- ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі арқылы, 96-бабының 1-бөлігімен 7 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК 251-бабының 1-бөлігімен 1 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК 58-бабының 3 бөлігінің негізінде, қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды сіңіру жолымен, нақты 7 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған.
Сотталғанның жазасын өтеу мерзімі 2007 жылдың 18 желтоқсанынан бастап есептелген.
А. ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 67-бабының талаптарына сәйкес, жәбірленушімен татуласуына және келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.
А., 1988 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған, бұрын сотталмаған,
- ҚР ҚК-нің 105-бабымен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 67-бабының талаптарына сәйкес, жәбірленушімен татуласуына және келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс қысқартылған.
А.-ның бас шарасы жойылып, ол сот залынан дереу қамаудан босатылған.
Іс бойынша айғақ заттардың тағдыры шешілген.