Осы редакция 2009 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі міндетін
атқарушысының 2005 жылғы
1 желтоқсандағы № 306-ө
бұйрығымен бекітілген
Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік
мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі (бұдан әрі - Үлгілік Ереже) балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелері (бұдан әрі - МӘМ) қызметінің тәртібін, психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балаларды МӘМ-ге қабылдау, ұстау және одан шығару шарттарын айқындайды.
2. МӘМ:
қимылдау функцияларының тиісті мамандандырылған мектеп интернаттарының қосалқы сыныптарында білім алуын қиындататын өрескел бұзылуына ұласқан (бөгде адамның көмегінсіз жүре алмайтын, қимылдарының бұзылу ауырлығына қарай өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді талап ететін) барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде есуастық;
қимылдау функцияларының тиісті мамандандырылған мектеп интернаттарында білім алуын қиындататын өрескел бұзылуы орын алған барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігіне, оның ішінде есуастыққа ұласқан соқырлық (нашар көрушілік) немесе саңыраулық (нашар естушілік);
имбецилділік, идиотия дәрежесіндегі олигофрения;
жарыместікке ұласқан, талмалары сирек болатын (айына 5 реттен артық емес) эпилепсия (оның ішінде симптоматикалық эпилепсия);
ақауы қатты білінетін, симптоматикасы өнімсіз шизофрения;
миға келтірілген органикалық зақымдардан кейінгі жарыместік салдарынан денсаулығының жай-күйі бойынша бөгде адамдардың көмегіне және медициналық қызмет көрсетуге тұрақты мұқтаж, 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың (бұдан әрі - балалар) уақытша немесе тұрақты тұруына арналған.