«Астана қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 163/28-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 239/37-IV Шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Астана қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 163/28-ІV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2009 жылдың 9 қаңтарында № 554 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы 3 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы 5 нөмірінде жарияланған), «Астана қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 163/28-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 208/32-ІV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2009 жылдың 17 сәуірінде № 570 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 43 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 43 нөмірінде жарияланған), «Астана қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 163/28-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 213/33-ІV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2009 жылдың 8 мамырда № 576 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 51 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 56-57 нөмірінде жарияланған), шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақта:
1) тармақшадағы «295 507 797» сандары «293 478 809» сандарымен ауыстырылсын;
«61 198 359» сандары «59 188 442» сандарымен ауыстырылсын;
«222 990 019» сандары «222 970 948» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «288 106 666» сандары «270 531 573» сандарымен ауыстырылсын;