«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 12 тамыздағы № 309 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ережеге сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2045 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 7, 791 парақ) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4226 болып тіркелген және 2006 жылғы 26 мамырдағы № 97-95 «Заң газеті» басылымында жарияланған) № 196 Бұйрығымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «Көші-қон полициясы департаментінің», «Департаменттері» деген сөздер «Әкімшілік полициясы комитеті», «Департаменттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «басқармаларына» деген сөз «Департаменттеріне» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың