Введите номер документа
Прайс-лист

«Ақтөбе облыстық сотының 2008 жылғы 1 сәуірдегі үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2008 жылғы 24 маусымдағы № 2а-176-08 Қаулысынан үзінді

Информация о документе
Датавторник, 24 июня 2008
Статус
Действующийвведен в действие с 24 июня 2008
Дата последнего изменениявторник, 24 июня 2008

Ақтөбе облыстық сотының 2008 жылғы 1 сәуірдегі үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2008 жылғы 24 маусымдағы
№ 2а-176-08 Қаулысынан үзінді

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы төрағаның, судьялардың, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісінің қатысуы мен Астана қаласында өткен ашық сот мәжілісінде Ақтөбе облыстық сотының 2008 жылғы сәуірдің 1 күні шығарылған үкіміне сотталған Т. мен қорғаушысы Б.-ның апелляциялық шағымдарымен келіп түскен қылмыстық істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Ақтөбе облыстық сотының 2008 жылғы 1 сәуірдегі үкімімен

Т., 1990 жылы 10 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Темір ауданы Шұбарқұдық елді мекенінде туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, бұрын сотталмаған,

- Қазақстан Республикасының ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігімен 9 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны тәрбиелеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталған. Жазаны өтеу мерзімі 3 желтоқсан 2007 жылдан бастап есептелген.

Айғақтық заттар мәселесі дұрыс шешілген.

Сот үкімімен Т. 27 қараша 2007 жылы жәбірленуші З.-ны бас араздық салдарынан құқығына қарсы қасақана қаза келтіргені үшін кінәлі деп танылған.

Сотталған Т. апелляциялық шағымында сот үкімімен келіспейтінін, онда мылтықтың шүрпісін З.-ның артынан таяқпен қуып келгенінде басып қалғанын, жәбірленушіні өлтіру ойының болмағанын, тағылған жазаның тым ауыр екенін көрсетіп, қылмысын ҚК-тің 101-бабымен дәрежелеуді сұраған.

Қорғаушы Б. апелляциялық шағымында қылмысты оқиғаның қалай жасалғанын көрсетіп, онда жәбірленуші З.-ның қылмыс жасауға басты себепші екенін соттың ескермегенін, қорғауындағы Т.-ға өте қатал жаза тағайындалғанын айтып, үкімнің жаза тағайындаған бөлігін өзгертіп, сотталған бапта көрсетілген ең төменгі жазасын белгілеуді сұраған.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом