Облыс әкімиятының
2001 жылғы 19 шілдедегі
№ 38 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі
Ереже
(2009.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Ереже білім беру қызметіне құқығы бар білім беру ұйымдарында не кәсіпорындарында жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлау жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шаралары болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған.
2. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін көтеру және қайта даярлау мыналарды өзіне енгізеді:
1) кәсібі жоқ, кәсіп алуға және сол кәсіп бойынша жұмыс істегісі келетін жұмыссыздарды даярлау (бастапқы кәсіптік білім);
2) жұмыссыздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіру мақсатында біліктіліктерін көтеру (қосымша білім), одан жоғары разряд (сыныптар, санаттар) алу, өндіріс қажеттілігін есепке ала отырып, прогрессивті техника мен технологияны оқу және игеру;
3) жаңа кәсіп (мамандық) алу мақсатында, жұмыссыздарды қайта даярлау (қайта оқыту), егер оларға кәсібі (мамандығы) бойынша лайықты жұмыс берілмесе не болмаса, қандай да болмасын белгілі кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыстар орындауға қабілеттілігі жойылса.
Оқытудың±әртүрлі түрлері мен үлгілерін ұйымдастыру мақсаты, мәселелері және ерекшеліктері Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Білім беру туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы шегінде анықталады.
2. Жұмыссыздарды қайта даярлауды, біліктіліктерін көтеруді
және кәсіптік даярлауды ұйымдастыру және өткізу