Введите номер документа
Прайс-лист

Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған НҰСҚАУЛЫҚ ЭНДОФАЛЬК «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 30 қазандағы № 153 бұйрығымен Бекітілген)

Информация о документе
Датапонедельник, 30 октября 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 30 октября 2006
Дата последнего измененияпонедельник, 30 октября 2006

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармация комитеті Төрағасының

2006 жылғы 30 қазандағы

№ 153 бұйрығымен

Бекітілген

 

Дәрілік затты қолдану жөнінде
мамандарға арналған
НҰСҚАУЛЫҚ
 
ЭНДОФАЛЬК

 

Саудалық атауы

Эндофальк

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Макроголь

 

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

 

Құрамы

1 пакетше құрамында мыналар бар

белсенді заттар:

калий хлориді - 0,185 г

натрий хлориді - 1,400 г

натрий гидрокарбонаты - 0,715 г

макроголь (полиэтиленгликоль) 3350 - 52,500 г

қосымша заттар: коллоидты сусыз кремний, натрий сахарині, жеміс-жидек хош иістендіргіші (Фирмених 502.116 АР), апельсин хош иістендіргіші (Драгоко 9/014358)жалпы салмағына дейін 55,318 г.

 

Сипаттамасы

Әртүрлі кристалды заттар қосылған, сәл ащы дәмі, жеміс-жидектің және апельсиннің иісі бар ақ ұнтақ тәрізді қоспа.

 

Фармакотерапиялық тобы

Ішек ішіндегі көлемді арттыратын іш жібіткіш препараттар.

АТЖ коды А06АС

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Молекулалық массасы жоғары полиэтиленгликольдар асқазан-ішек жолынан сіңірілмейді және пассаж кезінде метаболизмге ұшырамайды және бактериялардың метаболиздейтін әсерінен туындайтын жағымсыз газдың түзілуін болғызбайды.

 

Фармакодинамикасы

Фармакодинамикалық әсері іш жібіткіш әсеріне байланысты. Ішек ішіндегісін босап шығарады және тазалайды. Дайындалған ерітіндіде электролиттердің құрамы теңгерілген, сондықтан асқазан-ішек жолдарында су мен электролиттердің сіңуі мен секрециясы жүзеге аспайды. Жоғары молекулярлық полиэтиленгликольді қосу ұсақ бөлшектердің изоосмолярлық қанығуын жоғарылатады, олар плазмадағы өзі сияқтылардың қанығуымен салыстырмалы болып шығады. Дайындалған ерітінді іс жүзінде организмдегі сулар мен электролиттердің құрамына әсер көрсетпейді, бұл тепе-теңдігі мен изоосмолярлығының сақталуымен байланысқан. Полиэтиленгликоль инерттік қосылыс болып табылады, ол асқазан-ішек жолдары арқылы өту барысында ең төменгі деңгейде сіңеді және метаболизденбейді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами