Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2009 жылғы 03 ақпандағы
№ 44 бұйрығымен
Бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі Нұсқаулық
Энжерикс™ B
(B гепатитіне қарсы вакцина)
Саудалық атауы
Энжерикс™ B
(B гепатитіне қарсы вакцина)
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
10 мкг\0,5 мл және 20 мкг\1,0 мл-ік инъекцияға арналған суспензия
Құрамы
0,5 мл суспензияның құрамында
белсенді зат- В гепатиті вирусының беткейлік антигені
10 мк-ге 95% кем емес
1,0 мл суспензияның құрамында
белсенді зат- В гепатиті вирусының беткейлік антигені
20 мк-ге 95% кем емес
1 дозағы қосымша заттар: алюминийдің сулытотығы, натрий хлориді, натрий фосфатының екіорынайырбастаған дигидраты, натрий фосфатының бірорынайырбастаған дигидраты, 0,5 мл немесе 1 мл-ге дейінгі инъекцияға арналғанй су
10 дозағы қосымша заттар: алюминийдің сулытотығы, натрий хлориді, натрий фосфатының екіорынайырбастаған дигидраты, натрий фосфатының бірорынайырбастаған дигидраты, 2-феноксиэтанол, тиомерсал, 5 мл немесе 10 мл-ге дейінгі инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Түссіз, аздап бозаңданатын сұйықтық, тұндырғанда 2 бөлікке бөлінеді: жоғарғысы - түссіз, мөлдір сұйықтық; төменгісі - гель тәрізді ақ шөгінді, шайқағанда бірден қалпына келеді.
Фармакотерапиялық тобы
В гепатитіне қарсы вакцина. В гепатитінің вирусы-тазартылған антиген.
АТЖ коды J07ВС01
Иммунологиялық қасиеттері
B гепатитіне қарсы вакцина рекомбинантты ДНК технологиясы бойынша алюминийдің сулы тотығына сініріп алынған вирустің тазартылған беткейлік антигені.