Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2007 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 211 бұйрығымен
Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған
Нұсқаулық
Өсірілген, тазаланған, қанықтырылған, белсенділігі жойылған, сүзілген кене энцефалитінің вакцинасы - ЭнцеВир
Саудалық атауы
Өсірілген, тазаланған, қанықтырылған, белсенділігі жойылған, сүзілген кене энцефалитінің вакцинасы - ЭнцеВир
Халық аралық патентетелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Бұлшық етке енгізуге арналған суспензия, 1 доза/0,5 мл
Құрамы
0,5 мл (бір дозада) суспензияда:
әсер ететін зат :кене энцефалиті (КЭ) вирусының антигені 1:128 (ИФА) кем емес.
Қосымша заттар:
алюминий гидрототығы 03-05 мг;
адам альбумині 200-250 мкг;
протаминсульфаты 10 мкг көп емес;
инъекцияға арналған су 0,5 мл дейін
Буферлік жүйе: наттрий хлориді-3,97 мг, онекісулы екеуіайырбасталған фосфор қышқылды натрий-7-13 мг ,екісулы біреуіайырбасталған фосфор қышқылды натрий -0,42 мг,
Сипаттамасы
Түсі біркелкі Вакцина, мөлдір емес түйіршіксіз және басқадай қоспасыз ақ түсті жүзгін.
Фармакотерапиялық тобы
Энцефалитке қарсы вакцина
АТЖ Коды J07ВA
Фармакологиялық қасиеттері
ЭнцеВир вакцинасы - белсенділігі формалинмен жойылған кене энцефалитінің вирусын тауық эмбриондарының жүзгінді жасушаларында өсіру арқылы өндірілген , тазаланған, қанықтырылған, стерильденген, алюминий гидрооқсидіне сіңірілген жүзгін.
Вакцина адамдарда кене вирусына қарсы жасушалық және гуморальдық иммунитеттің пайда болуын жандандырады.
Қолданылуы
- жасы 3-дегілерден бастап кене энцефалитіне қарсы белсенді түрде аурудың алдын алу шараларын жүргізу үшін.
- кене энцефалитінің тірі қоздырғыштарының өскіндерімен жұмыс атқаратын адамдарға белсенді түрде алдын алу шараларын жүргізу үшін.
- арнайы иммуноглобулинді алу үшін донорларды
иммунизациялағанда қолданады.