Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 94 бұйрығымен
Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Цефалин ™ (cefalin)
Саудалық атауы
Цефалин™
Cefalin
Халықаралық патенттелмеген атауы
Цефазолин
Дәрілік түрі
Инъекция үшін ерітінді әзірлеуге арналған 1 г стерильді ұнтақ
Құрамы
белсенді зат - 1 цефазолинге барабар цефазолин натрийі
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ түсті дерлік ұнтақ, ылғал сіңіргіш
Фармакотерапиялық тобы
Бактерияға қарсы жүйелік әсер ететін препараттар. Басқадай бета-лактамды антибиотиктер. Бірінші буынды цефалоспориндер.
АТЖ коды J01DА04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Цефазолин асқазан-ішек жолынан нашар сіңеді, сондықтан бұлшық ет ішіне немесе көктамыр ішіне қолданылады. Бұлшық ет ішіне 500 мг дозада енгізгеннен кейін 1-2 сағаттан соң қан плазмасында ең жоғары қанығу деңгейіне (Сmax) жетеді және 30 мкг/мл құрайды.
Плазма ақуыздарымен байланысуы 85%-ға жуықты құрайды.
Цефазолин сүйек тініне асцитикалық сұйықтыққа, плевра және синовиальды сұйықтыққа өтеді, бірақ орталық жүйке жүйесінде білінбейді.
Цефазолиннің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі (Т ½ ) 1,8 сағатқа жуықты құрайды.
Цефазолин несеппен бірге өзгермеген күйінде, негізінен, шумақтық сүзілу арқылы және аздаған дәрежеде - өзекшелік секреция жолымен шығарылады. Бұлшық ет ішіне енгізуден кейін, қалай болғанда да, дозаның 80%-ы 24 сағаттан соң шығарылады. Бұлшық ет ішіне 500 мг және 1 г дозада енгізгеннен кейін несептегі С мах, тиісінше, 1 мг/мл және 4 мг/мл құрайды. Цефазолиннің, өт арқылы аздаған мөлшерде шығарылса да, өттегі қанығу деңгейінің жоғары болатындығы туралы деректер бар. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі (Т ½) бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде жоғарылайды.
Фармакодинамикасы