Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2007 жылғы 1 ақпандағы
№ 16 бұйрығымен
Бекітілген
Дәрілік препаратты қолданудың алдында міндетті түрде дәрігермен кеңесу және нұсқаулықты зейін қойып оқып шығу керек!
Дәрілік затты қолдану жөнінде тұтынушыларға арналған нұсқаулық
(аннотация-қосымша бет)
Цитеал
Саудалық атауы
Цитеал
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 250 мл ерітінді
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат: хлоргекседин биглюконаты (20% ерітнді) 0,5 мл
гексамидин диизетионаты 100 мг
пара-хлорметакрезол 300 мг,
қосымша заттар: толтырғыштар (рН 5) кокамидопропилбетаин 30%, майда ерігіш копра диетаноамид қышқылы, ЕДТА, конифрол парфюм, лактатты қышқыл, тазартылған су 100 мл-ге дейін.
Сипаттамасы
Түссіз, жағымды исі бар, көбік түзгіш ерітінді
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Зақымданбаған теріге жаққанда препарат сіңбейді.
Фармакодинамикасы
Цитеал үш белсенді компоненттердің бірігуі арқасында грамоң және грамтеріс бактерияларға Staphylococcus Aureus, Streptococcus A, Streptococcus Faecalis, Gardnerella Vaginalis, Escherichia Coli, Neisseria Gonorrhea, Pseudomonas Aeruginosa, Chlamydia Trachomatis, Proteus Vulgaris-ке бактериостатикалық әсер етеді; анаэробты және аэробты урогенитальды жұқпаға, қарапайымдарға, хламидияларға, микоплазмаларға, уреоплазмаларға, гонококктарға бактерицидті әсер етеді; вируцидтік әсер; Candida albicans текті зеңдер мен дерматофиттерге фунгистатикалық әсер етеді.
Биологиялық орталарда (ірің, қан, сероздық сұйықтықта және т.б.) тиімді.
Қолданылуы