Введите номер документа
Прайс-лист

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық «Хлорофиллипт» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 3 қарашадағы № 270 бұйрығымен бекітілген)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 3 ноября 2008
Статус
Действующийвведен в действие с 3 ноября 2008
Дата последнего измененияпонедельник, 3 ноября 2008

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармацевтикалық бақылау

комитеті Төрағасының

2008 жылғы 3 қарашадағы

№ 270 бұйрығымен

Бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Хлорофиллипт

 

Саудалық атауы

Хлорофиллипт

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

10 мг/мл, 100 мл спирт ерітіндісі

 

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 100% құрғақ затқа шаққанда хлорофиллипттің құрғақ сығындысы      1 г,

қосымша заттар -   96% спирт ерітіндісі    100 мл-ге дейін

 

Сипаттамасы

Қоңыр-жасыл түсті сұйықтық

 

Фармакотерапиялық тобы

Басқадай антисептиктер және залалсыздандырғыш препараттар

АТЖ коды  D08AX10

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелген жоқ

Фармакодинамикасы

Хлорофиллипттің құрамында эвкалипт жапырақтарында болатын хлорофилдер қоспасы бар.

Препараттың стафилококтарға, оның ішінде антибиотиктерге төзімді штамдарға қатысты антибактериялық белсенділігі, қабынуға қарсы белсенділігі бар, иммунды жүйені жақсартады.

Жергілікті қолданған кезде зақымданған тіндердің қайта түлеуіне мүмкіндік береді.

 

Қолданылуы

Стафилококтардың антибиотикке төзімді штамдарынан пайда болған ауруларда

- күйік ауруларында

- трофикалық ойық жараларда

- септикалық жағдайларда, оның ішінде операциядан кейінгі, босанғаннан кейінгі жағдайларда (жиынтық ем құрамында)

- асқазан-ішек жолының жұқпалы ауруларында, оның ішінде ішекте стафилококтарды тасымалдауында

- жатыр мойнының эрозиясында.

 

Қолдану тәсілдері және дозасы

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға

Ішекте стафилококтарды тасымалдаған кезде және операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін күн сайын күніне 3 рет Хлорофиллиптті тамақтанудан 40 минут бұрын ішке қабылдайды (Хлорофиллипттің 1% спирттік ерітіндісінің 5 мл-ін 30 мл суда сұйылтады).

Ішекте стафилококтарды тасымалдауды емдеген кезде Хлорофиллиптті клизма жасауға тағайындайды (1% спирттік ерітіндісінің 20 мл-ін 1 л суда сұйылтады - бұл бір клизмаға арналған доза). Емшараны әрбір екі күн сайын 1 рет жасайды. Емделу курсы - 10 емшара.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!