ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 550 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 22 қазандағы
№ 555 бұйрығымен бекітілген
«Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау кезінде жолаушылар вагондарына, вагон-мейрамханаларға және вокзалдарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан тұрады.
2. Осы санитарлық ережеде келесі терминдер және анықтамалар пайдаланылды:
1) ұйымдастырылған балалар ұжымы - ересектер және медициналық қызметкерлердің алып жүруімен, бір вагонда, поезда бір бағыт бойынша темір жол көлігімен жүретін, жасы 6-дан бастап 18-ге дейінгі құрамы кемінде 10 баладан тұратын ұжым;
2) балалар тасымалдауды ұйымдастырушылар - заңды және жеке адамдар.
2. Ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау жағдайларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
3. Ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3812 болып тіркелген «Темір жол көлігі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 358 бұйрығымен (бұдан әрі - № 358 бұйрық) бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларға сәйкес жолаушылар вагоны бөлінеді.
4. Бір тәуліктен артық жол жүру ұзақтығы кезінде жолаушы поезының схемасына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2987 болып тіркелген «Темір жол көлігі объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 24 шілдегі бекітілген № 496 бұйрыққа (бұдан әрі - № 496) сәйкес вагон-мейрамхана енеді.