Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2007 жылғы 3 мамырдағы
№ 73 бұйрығымен
бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Флувоксин 50
Флувоксин 100
Саудалық атауы
Флувоксин 50
Флувоксин 100
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флувоксамин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 50мг немесе 100мг флувоксамин малеаты
қосымша заттар: маннитол, артық желатиндендірілген крахмал, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, коллоидты ангидроид кремниі, натрий стеарилфумараты, сары опадри YS-1-12526A, тазартылған су.
Фармакотерапиялық тобы
Антидепрессанттар
Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер
АТЖ коды N06AВ08
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Флувоксаминді ішкеннен кейін асқазан-ішек жолынан (АІЖ) жақсы және тез сіңеді. Бір рет қабылдаудан кейін жартылай шығарылу кезеңі шамамен 15 сағатты және тұрақты қабылдаудан кейін аздап көбірек (17-22 сағат) құрайды, сол уақытта плазмадағы тұрақты деңгейіне 10-14 күннен кейін жетеді. Бауырда метаболизденеді фармакологиялық белсенді емес метаболиттері бүйрек арқылы шығарылады. Плазма ақуыздарымен флувоксамин малеатының 77% байланысады.
Егде жастағы адамдарда фармакокинетикалық көрсеткіштері негізгі топтағылардың көрсеткіштеріне сәйкес.
Фармакодинамикасы
Флувоксамин - антидепрессант. Қазіргі уақытта бар басқадай антидепрессанттармен флувоксамин химиялық тұрғыдан ұқсас емес.
Флувоксаминнің әсер ету механизмі ми нейрондарындағы серотонинді кері қармайтын таңдаулы тежегіштерге байланысты, сонымен қатар норадренергиялық және допаминергиялық үдерістерге аз әсер етеді. Флувоксаминнің гистамин рецепторларымен, м-холинорецепторларымен, допаминдермен және серотонин рецепторларымен әлсіз түрде байланыса алады.
Қолданылуы
- обсессивті-компульсивті бұзылуларды емдеу және алдын алу үшін
- жабығуда
Дозалары және қолдану тәсілдері
Ересектер, егде жастағы адамдарды қоса