Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2007 жылғы 31 шілдедегі
№ 133 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Туссин (Tussin®)
Сауда атауы
Туссин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Гвайфенезин
Дәрілік түрі
Шәрбәт
Кұрамы
5 мл шәрбәттың құрамында
белсенді зат - 100 мг гвайфенезин
қосымша заттар: натрий бензоаты, пропиленгликоль, глицерин, жүгері сиропы, натрий сахарині, ментол, лимон қышқылы, карамель, бояғыш, шие сиропы, тазартылған су.
Сипаттамасы
Дәмі және иісі шие тәрізді қою-қызыл түсті шәрбәт.
Фармакотерапиялық тобы
Қақырық түсіргіш препараттар
КОД АТС R05CA03
Фапмакологиялық қасиеттері
Фармакокинетика
Асқазан-ішек жолдарынан 25-30 минут ішінде сіңеді. Қышқылды мукополисахаридтерден тұратын тіндерге, ең алдымен бронхтың жыбырлағыш эпителиіне ұқсастығы бар тіндерді қоректендіруді. Препарат қан сарысуы мен тіндер арасында біркелкі таралып 3,5-5 сағат бойы әсер көрсетеді. Ағзадан екі жолмен шығарылады: бөлінген қақырықпен және бүйрек арқылы (жартылай метаболит, жартылай өзгермеген түрде). Несепті қызғылт түске бояуы мүмкін.
Фармакодинамикасы
Гвайфенезин бронхиалдық шырыштың сұйық компоненттерінің сөлінісін ұлғайтуы арқылы қақырық түсіргіш әсер береді; жабысқақтықты азайтып және бронхтың цилиарлық аппарат түкшелерінің қозғалғыштығын ұлғайта отырып, қышқыл мукополисахаридтерді ыдыратады. Бұл қақырықтың шығуын және өнімсіз (құрғақ) жөтелдің өнімді (ылғалды) жөтелге көшуін жеңілдетеді. Карамель, глицерин, жүгері шәрбәті жұтқыншақтың шырышты қабығына жұмсару арқылы әсер етеді.
Көлданылуы
Жоғарғы тыныс жолдарының қабыну аурулары, сонымен қатар жөтел және қақырықпен қатар жүретін вирустық жедел жұқпаларда, тұмауда, жедел ларингитте, фарингитте, трахеитте, бронхитте.
Қолдану тәсілі мен мөлшерлері
Бір реттік дозасы