Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық «Ламептил® /Lameptil® (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 18 мамырдағы № 81 бұйрығымен бекітілген)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық «Ламептил® /Lameptil® (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 18 мамырдағы № 81 бұйрығымен бекітілген)
Датапятница, 18 мая 2007
Статус
Действующий
введен в действие с 18 мая 2007
Дата последнего измененияпятница, 18 мая 2007

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлігі Фармация комитеті

Төрағасының 2007 жылғы 18 мамырдағы

 № 81 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған
нұсқаулық
 
Ламептил® /Lameptil®

 

Саудалық атауы

Ламептил®

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ламотриджин

 

Дәрілік түрі

Диспергирленетін 25 мг, 50 мг, 100 мг және 200 мг таблеткалар

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 25 мг, 50 мг, 100 мг және 200 мг ламотриджин,

қосымша заттар:

микрокристалдық целлюлоза, повидон К 30, натрий крахмал гликоляты, гидроксипропилцеллюлоза, натрий сахарині, ұнтақ қара қарақат хош иістендіргіш зат (отдушка), магний стеараты, коллоидты сусыз кремний қос тотығы.

 

Сипаттамасы

Диспергирленетін 25 мг, 50 мг, 100 мг және 200 мг таблеткалар: ақ немесе ақ дерлік түсті, жалпақ, кертілген жиегі бар дөңгелек, қара қарақат иісті таблеткалар.

 

Фармакотерапиялық тобы

Қояншыққа қарсы басқадай препараттар

АТЖ коды N03АХ09

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ламотриджин ішектен тез және толық сіңеді. Ішке қабылдағаннан кейін плазмада ең жоғары қанығу деңгейіне 2,5 сағаттан кейін жетеді. Ас қабылдағаннан кейін плазмада ең жоғары қанығу деңгейіне жету бәсеңдейді, бірақ сіңу деңгейі өзгермейді.

Фармакокинетикасы өте жақсы зерттелген 450 мг-ға дейінгі дозаны қабылдаған кезде тізбекті профильге ие.

Ламотриджин қан плазмасы ақуызымен 55% байланысады, мұндайда қояншыққа қарсы басқа препараттардың ақуыздармен байланысуына ықпалын тигізбейді.

Ересек адамдарда жартылай шығарылуының орташа кезеңі - 24-35 сағат. Клиренс мәні және жартылай шығарылу кезеңі дозаға байланысты емес. Ламотриджин глюкуронид түрінде несеппен бірге шығарылады. Препараттың 10%-дан азы несеппен бірге өзгермеген күйінде және 2%-ға жуығы нәжіспен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ламотриджин қояншыққа қарсы дәрі болып табылады.

Ламотриджин потенциал-тәуелді натрий өзекшелерін бөгейді, сөйтіп нейрондардың мембраналарын тұрақтандырады және қояншық ұстамаларының дамуында негізгі рөл атқаратын нейромедиаторлардың, әсіресе глутаматтың (глутамин қышқылы) патологиялық босанып шығуына жол бермейді.

 

Добавить в список основных источников в Google

Демо – версия документа
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!