Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2008 жылғы 22 тамыздағы
№ 197 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Парацетамол
Саудалық атауы
Парацетамол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Парацетамол
Дәрілік түрі
200 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 200,0 мг парацетамол,
қосалқы заттар: картоп крахмалы, крахмалды патока, стеарин қышқылы.
Сипаттамасы
Жалпақ цилиндр тәрізді, сайы мен сызығы бар ақ немесе крем реңі бар ақ түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Басқа анальгетиктер мен ыстықты түсіретін дәрілер. Анилиндер.
АТЖ коды N02BE01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішу арқылы қабылдаудан кейін негізінен баяу тасымалдану жолымен аш ішекте жылдам сіңеді. 500 мг дозада бір рет қолданғанда қан плазмасындағы барынша жоғары концентрациясына 0,5-2 сағат өткенде жетеді және 16 мкг/мл-ге жуық құрайды, одан кейін біртіндеп төмендей отырып, қабылдаудан кейін 6 сағат өткенде 11-12 мкг/мл деңгейге жетеді. Препаратты көп рет енгізгенде оның фармакокинетикасы өзгермейді. Препараттың жинақталуы орын алмайды.
Қан плазмасында препараттың 10-15% жуығы ақуыздармен байланысқан күйі болады. Гистогематикалық бөгеттер арқылы жақсы өтеді, органдар мен тіндерге біркелкі таралады (май тінін қоспағанда). Гематоэнцефалиялық бөгет, плацента арқылы өтіп, омырау сүтіне түседі (қабылданған дозаның 1% азы). Таралу көлемі (Vd) 0,95 л/кг құрайды.