Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2006 жылғы 30 қазандағы
№ 153 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
АндрокурÒ Депо
Саудалық атауы
АндрокурÒ Депо
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ципротерон
Дәрінің түрі
Бұлшық ет инъециясына арналған майлы ерітінді 300 мг/3 мл-ге
Құрамы
3 мл ерітіндің құрамындағы заттар:
Белсенді компоненттері:
Ципротерон ацетаты 300 мг
Қосалқы заттар:
Майсана майы, бензилбензоат.
Сипаттамасы
Мөлдір, сарғыштан қоңыр-сарғыш түске дейінгі, бөлшектерден ада ерітінді.
Фармакотерапевтикалық тобы
Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторы. Андрогендерге қарсы препарат.
АТЖ коды G03HA01
Фармакологиялық қасиеттері ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Фармакокинетикасы
Бұлшық етке енгізгеннен кейін ципротерон ацетаты баяу және толық босап шығады. Ципротерон ацетаты іс жүзінде абсолютті толық биотиімділік береді.
Қан плазмасындағы 180±54 нг/мл-ге тең барынша жоғары шоғырлануына 2-3 күннен кейін жетеді. Препаратты қолданғаннан кейін шамамен 5 апта өткен соң емдеуге тең шоғырлану денгейіне қол жетеді. Ципротерон ацетаты қан сарысуының ақуыздарымен толық түрде байланысыады. Препараттың жалпы деңгейінің 3,5-4% жуығы байланыспаған күйде болады.
Бұлардың ақуыздармен байланысуы арнайы болмағандықтан, ГБЖС (глобулиндерді байланыстыратын жыныстық стероидтар) ципротерон ацетатының фармакокинетикасына әсер етпейді
Ципротерон ацетатының метаболизмі әртүрлі жолдармен жүреді, ол гидроксильдену және конъюгирлеу жолдарымен жүруі мүмкін. Плазмадағы негізгі метаболиті болып 15β-гидроксильді өнімі саналады.
Метаболизмнің 1 сатысы цитохрома P450 жүйесінің CYP 3A4 ферментінің қатысуымен жүреді.
Препараттың азғана көлемі өзгермеген күйде өт арқылы шығарылады. Метаболиттердің негізгі бөлігі несеп және нәжіс арқылы шығарылады, тиісінше.
Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 4±1,1 күн құрайды.
Ципротерон ацетатының қан сарысуынан шығардағы көлемі 2,8+1,4 мл/мин/кг болады.