Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармацевтикалық бақылау
комитеті Төрағасының
2008 жылғы 6 наурыздағы
№ 44 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Ампициллин
Саудалық атауы
Ампициллин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ампициллин
Дәрілік түрі
250 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 250 мг ампициллин тригидраты,
қосымша заттар: крахмал, тальк, кальций стеараты немесе магний стеараты.
Сипаттамасы
Ақ түсті, дөңгелек, беті аздап дөңес, бір жағында сызығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі түрде қолдануға арналған микробтарға қарсы препараттар.
Бета-лактамды антибиотиктер - пенициллиндер.
АТЖ коды J01CA01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішу арқылы қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді (дозаның 30-40%-ы), асқазанның қышқыл ортасында бұзылады. Қандағы ең жоғары концентрациясына қолданғаннан кейін 1,5-2 сағаттан соң жетеді. Ампициллин ағзалар мен тіндердің көбісінде таралады, плацента арқылы өтеді, гематоэнцефалиялық бөгет арқылы нашар өтеді. Салыстырмалы аздаған бөлігі (10-30%) плазма ақуыздарымен байланысады. Биологиялық өзгеріске ұшырамайды. Жартылай шығарылу кезеңі 60-120 минуытты құрайды. Негізінен несеппен, ішінара өтпен, аздаған мөлшерлерде ана сүтімен бөлініп шығады.
Фармакодинамикасы